Шымкент қаласында Әлеуметтік қорғау саласын бақылау департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаевқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Kozachkov offside Telegram арнасында шенеуніктің жұмыс орнында тінту жүргізілгені туралы ақпарат тараған болатын. Дереккөздердің мәліметінше, тергеу өкілдері өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оң қорытынды алу үшін лауазымды тұлғаға ақша беру фактісінің болуы мүмкін екенін тексеруде.
ҰҚК аталған ақпаратқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Алайда ведомство тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайларын жарияламады.
Айта кетейік, Руслан Тұңғышбаев Шымкент қаласының Әлеуметтік қорғау саласын бақылау департаментін 2024 жылдың тамыз айынан бері басқарып келеді.