Шымкентте әскерге шақырылған жігітті көшеде ұстаған сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға 2 мамырда Чапаевка шағынауданында болған. Алдын ала дерекке сүйенсек, полиция мен әкімдік өкілдері әскер жасындағы азаматтарды есепке алу үшін жоспарлы рейд жүргізген. Сол кезде жігіт жағдайды дұрыс түсінбей, қашуға әрекеттенген. Қатты қобалжыған ол сүрініп, жерге құлаған.
Мамандар мән-жайды түсіндіргеннен кейін азамат жиын пунктіне өз еркімен барған. Дәрігерлер тексерістен өткізіп, оны әскерге жарамды деп таныған.
Желіде тараған видеода жігіт құқық қорғау қызметкерлерінен қорқып қашқанын айтып, қазір әскерге өз еркімен бара жатқанын жеткізді. Полиция бұл оқиғаға байланысты ешқандай шағым түспегенін мәлімдеді.