Журналист Әлия Ортаева Шымкентте концерттік іс-шараларға бөлінген 350 млн теңге қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс еді деп мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Журналист Әлия Ортаева Шымкентте концерттік іс-шараларға бөлінген 350 млн теңге қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс еді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.
Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы электр желілерінің тозуы, газ және кәріз жүйелерінің жетіспеушілігі мәселесін көтеріп, бюджет қаражатының жұмсалуына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, ресми деректерге сәйкес Шымкенттегі электр желілерінің тозу деңгейі шамамен 60 пайыздықұрайды. Соның салдарынан жазда да, қыста да кернеудің төмендеуінен тұрғындар жарықтың жиі сөнуіне тап болады.
Әлия Ортаева қалада әлі күнге дейін кәріз жүйесі жетпеген елді мекендер мен орталық газ жоқ көпқабатты үйлер бар екенін атап өтті. Сондай-ақ кейбір тұрғындардың септик пайдаланып, газ баллондарын тұтынуға мәжбүр екенін жазды.
Журналисттің пікірінше, 350 млн теңге концерттерге емес, халықтың тұрмысын жақсартатын инфрақұрылымдық жобаларға бағытталуы қажет болған.
Ол бұл қаржыға ондаған тұрғын үйді газдандыруға, бірнеше шағын ауданға кәріз желісін тартуға немесе жаңа трансформаторлар орнатуға болатынын алға тартты.
Журналист әлеуметтік желідегі жазбасын «бір күндік концерт үшін халықтың өмірлік қажеттіліктерін кейінге ысыру дұрыс па?» деген сауалмен түйіндеді.