Мемлекеттік қаражаттың ашық әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету үшін цифрлық теңгені қолдану аясы кеңейіп келеді. Мемлекеттік сатып алу, субсидиялар және Ұлттық қордан қаржыландыру салаларындағы 100-ден астам жоба қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау тетігіне көшірілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Цифрлық теңге эмиссиясының көлемі 330 млрд теңгеден асты. 2026 жылдың сәуір айында мемлекеттік шығыстарды цифрлық теңге негізінде кезең-кезеңімен бақылауға көшіруге арналған Кешенді жоспар бекітіледі.
2025 жылы ұлттық төлем жүйелері 1,5 квадриллион теңгеден астам операцияны өңдеді. Бұл елдегі барлық қолма-қол ақшасыз айналымның шамамен 90 пайызына тең. Банкаралық QR-төлемдер мен аударымдарға арналған мобильді төлем жүйесі іске қосылды. Қазір жүйеге екінші деңгейлі 10 банк қосылған, қалған банктер 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін қосылады деп жоспарланып отыр.
