Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысы кезінде 207 млн негізсіз жұмсалмақ болған

Көркем Алдабергенова 01 сәу. 2025 09:41 609

Жоғары аудиторлық палата жылыту, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы міндетті емес бюджет шығындарын тоқтатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын жаңғырту кезіндегі бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсау тоқтатылды.

Осы салаға аудит жүргізу барысында мынадай бұзушылықтар анықталды: 2023-2024 жылдары сенім білдірілген агенттің шығындары шеңберінде бюджет қаражатынан талдамалық көрсетілетін қызметтерге ақы төленген. Ал бұл Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен «Қазақстандық тұрғы үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ның тікелей функционалы болып табылады. Жалпы 2 жыл ішінде 207 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасын орындау шеңберінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын жаңғыртуға республикалық бюджеттен шығыстарды қалыптастыру кезінде 2025 жылдан бастап аталған қызметтер үшін қаржыландыру бөлінбейді.

Сонымен қатар 2024 жылға арналған бюджетті түзету кезінде 84,4 млн теңге үнемделді. Бұл қаражат мемлекет қазынасына қайтарылды.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар