Сүлейменов теңге неге нығайып жатқанын түсіндірді

Көркем Алдабергенова 01 сәу. 2026 13:36

Ұлттық банк төрағасы доллар бағамының неге төмендеп жатқанын және оның қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Шын мәнінде, теңге нығайып жатыр деуге болады. Бұл – базалық экономика заңдылығы: Қазақстанның негізгі экспорттық тауары – мұнай. Оның бағасы өсіп келеді және ол экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамын құрайды. Көлемі өзгерген жоқ, бірақ баға өсуде, соған сәйкес экспорттық түсім де артып жатыр, – деді Сүлейменов Мәжіліс кулуарында.

Ол сондай-ақ доллардың әлсіреуіне байланысты Ұлттық қор шығынға батпайтынын және инвестициялық кеңес бермейтінін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove