"Сүйінші, халқым!": Серік Ибрагимов төртінші мәрте әке атанды

"Сүйінші, халқым!": Серік Ибрагимов төртінші мәрте әке атанды
Фото: instagram.com/ibragimovserik

Қазақстандық әнші Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанды. Өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әнші әлеуметтік желіде перзентханада түсірілген қысқа видеосын жариялаған. Кадрдан оның жары Айнамкөз бен жаңа туған сәбиінің төсекте бірге жатқанын көруге болады.

Серік Ибрагимов жұбайы мен сәбиін оятпау үшін видео барысында ештеңе айтпаған. Оның орнына камераға төрт саусағын көрсетіп, отбасында төртінші сәби дүниеге келгенін ишарамен жеткізген.

Алайда әнші әзірге нәрестенің жынысын жариялаған жоқ.

Скрин: instagram.com/ibragimovserik

Айта кетейік, Серік Ибрагимов пен Айнамкөздің бұған дейін екі ұлы мен бір қызы бар. Осылайша әнші көпбалалы әке атанды.