"Сүйінші, қазақ елі": Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбілов туралы қуанышты хабар жеткізді

"Сүйінші, қазақ елі": Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбілов туралы қуанышты хабар жеткізді
Сәкен Майғазиев. Фото: әлеуметтік желіден

"МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде халықтан сүйінші сұрап, әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің Ақтауға ұшып келгенін хабарлады, деп жазады dalanews.kz.

Бұған дейін Кенжебек Жанәбілов жүрек ұстамасынан кейін ауруханаға түскен еді. Ем қабылдағаннан кейін оның жағдайы жақсарып, дәрігерлер ұшақпен сапарға шығуына рұқсат берген.

"Сүйінші, қазақ елі. Дәрігерлер рұқсат беріп, Кенжебек бүгін Ақтауға ұшып келді. Бірге боламыз, Құдай қаласа", – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Әншінің бұл жаңалығына оқырмандар да қуанып, Кенжебек Жанәбіловке денсаулық тіледі.

Желі қолданушылары "МузАРТ" тобының алдағы уақытта толық құрамда өнер көрсеткенін қалайтындарын жазып, әншіге тезірек сауығып кетуін тіледі.