Су тасқынынан зардап шеккен тұрғын Үкімет қандай көмек көрсеткенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бірлік ықшам ауданының тұрғыны Бірлік Баекин Үкімет бастапқыда берген жатақханаға бір тиын төлемей ұрып жатқанын айтады.
"Судан зардап шеккеннен кейін көңіл-күйіміз болмай жүрдік. Үкімет бізді тастаған жоқ, жатақхана берді, күні бүгінге дейін осында тұрып жатырмыз.
Бір тиын төлеп жатқан жоқпыз, бізді күнделікті тамақпен қамтамасыз етеді. Расында, далада қалдық деген ой болды.Енді бүгін жаңа үйдің кілтін берді. Президент бәріне мемлекет көмек көрсетеді деген еді. Сөздерінде тұрды. Балалар да қуанып жатыр.
Бізде бәрі жақсы, қажетті инфрақұрылым салынған: суы да, дәретханаы да ішінде, жиһазын да әкеліп қойды. Көңіл-күйіміз керемет болып отыр", - дейді тұрғын.