Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Су айдындары маңындағы 18 заңсыз құрылыстың иесіне 12,7 миллион теңге айыппұл салынды

Су айдындары маңындағы 18 заңсыз құрылыстың иесіне 12,7 миллион теңге айыппұл салынды
gov.kz

Жыл басынан бері су нысандары аумағындағы 18 заңсыз құрылыс нысаны сүрілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл деректердің әрқайсы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде сот 18 шешім шығарып, жалпы сомасы 12,7 млн теңге болатын әкімшілік айыппұл салу және заңсыз салынып жатқан немесе салынып қойған құрылыстарды мәжбүрлеп бұзу туралы қаулы қабылдады.

"Бассейн инспекциялары су заңнамасы талаптары сақталуын тұрақты түрде тексеріп отырады. Сонымен қатар, Бас прокуратурамен бірлесіп қабылданған "Судың қара нарығына" қарсы күрес жөніндегі жол картасы аясында да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал былтыр қабылданған Су кодексі бассейн инспекторларының өкілеттіктерін кеңейтіп, су нысандарын қорғауға қатысты нақты талаптарды белгіледі", - деді су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.