Freedom Inside '26

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің баспасөз қызметін Арайлым Мейіржан басқарады

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің баспасөз қызметін Арайлым Мейіржан басқарады
әлеуметтік желі

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып Арайлым Мейіржан тағайындалды, деп хабарлайды Dala News.

Арайлым Мейіржанның медиа, мемлекеттік коммуникациялар және ақпараттық-имидждік жобаларды іске асыру саласында 8 жылдық тәжірибесі бар.

2020–2024 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің БАҚ-пен өзара іс-қимыл және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі басқармасын басқарған.

Жаңа қызметінде ол Агенттіктің ақпараттық саясатын үйлестіріп, қоғаммен және медиа кеңістікпен байланысын нығайтуға жауапты болады.