«Ұшақ 30 метрлік биіктіктен қону кезінде құлап түскен» деді Стамбұл губернаторы Али Йерликай жергілікті телеканалдардың эфирінде.
5 ақпан күні кешкісін Измир-Стамбұл бағыты бойынша ұшып келген «Боинг» ұшағы қону кезінде апатқа ұшырап, екіге бөлініп кеткен.
Алдын ала болжамға сәйкес, апатқа қатты жел себеп болған.