Шығыс Қазақстан облысындағы орман өрті оқшауланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
ТЖМ мәліметінше, Ұлан ауданы Бұқтырма су қоймасы маңындағы Аюда шатқалында, Приморск орманшылығы аумағында шөп, бұта, ағаштар жанған.
"Өртпен күресу үшін ТЖМ авиациясының әуе кемесі, орман шаруашылығы қызметкерлерінің десанты, ШҚО ТЖД жеке құрамы жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары таулы жер бедері мен жел екпініне байланысты күрделенді. Қазір бірлескен күштердің арқасында өрт оқшауланды", - деп жазылған хабарламада.