СҚО-дағы ірі су қоймалары тасқынға дайын

Көркем Алдабергенова 25 ақп. 2026 10:00

СҚО-дағы ірі су қоймалары тасқынға дайындалды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, Сергеев су торабы мен Петропавл су торабында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Екі нысанда да жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, су тораптары СҚО ТЖД-ның хабарлау жүйесімен біріктірілген жергілікті ескерту жүйелерімен жабдықталған.

«Қазсушар» РМК мәліметінше, кезекші авариялық бригадалар құрылған, мамандар қажетті құрал-жабдықтармен және инвентарьмен қамтамасыз етілген. Учаскелердегі қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізілген.

Сондай-ақ су қоймаларының толу деңгейін тәулік бойы бақылау және тасқын жағдайы туралы ақпаратты мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы әріптестерге жедел жеткізу үшін жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылған.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove