ШҚО-да үш көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты

ШҚО-да үш көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты
Ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында Toyota, Chevrolet және Subaru көліктері соқтығысып, Toyota көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады полиция.

Жол-көлік оқиғасы 18 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында «Өскемен — Рахман қайнары» автожолының 48-шақырымында болған.

Апат салдарынан Toyota көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Қалған жол-көлік оқиғасына қатысушылар медициналық мекемелерге жеткізілді.

Қазір жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.