СҚО-да әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері бюджеттен 46 млн теңгені қолды қылған

Сағыныш Сардарова 21 там. 2025 15:37

СҚО-да әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері бюджеттен 46 млн теңге ұрлаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Істі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тексерген. Бұлтартпас айғақтар барына қарамастан, сотта үш айыпталушы жасаған қылмыстарын мойындамаған.

Мемлекеттік айыптаушылар K., T., Д. алдау және сенімге қиянат келтіру арқылы мемлекетке 46 млн теңгеден аса шығын келтіріп, мүлікті ұрлағанын дәлелдеген.

Петропавл қалалық соты оларды 6,6 жылдан 6,8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар