Спортшылардың Парижде киетін формасы неге Испанияда тігіледі?

Азамат Қойшығара 18 сәу. 2024 14:32 9435

Журналистер тарапынан қойылған бұл сауалға Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Спортшылардың формасы неге шетелде тігілуі керек? Әлде, Қазақстанда тігетін маман жоқ па?» - деп сұрады БАҚ өкілдері.

Салаға жауапты шенеунік спортшылардың формасы демеушілердің қаржысымен тігілетінін жеткізді.

«Себебі сол, қаржы демеушілерден. Сондықтан шетелде тігіледі», - деп қысқа қайырды Ермек Маржықпаев.

Ал спортшылардың киімін тігуге демеушілер қанша қаражат жұмсайтыны әзірге белгісіз көрінеді. Өйткені, Парижге неше спортшы баратыны да әзірге беймәлім.

«Қазір қаржы туралы айта алмаймыз. Себебі, оны санап жатырмыз. Әзірге соманы нақты білмейміз. Қазір Париж Олимпиадасына қанша спортшы баратынын анықтау керек. Бүгінде елімізде 32 лицензия бар. Ол дегеніміз – 31 адам. 50-70 лицензия аламыз деген жоспарымыз бар. Соған қарай қанша қаржы керегін көреміз», - деді министр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар