Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық сұхбаты Үкімет жұмысының басым бағыттарын нақты анықтап бергенін атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Президенттің бағдарламалық сұхбаты алдағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ ұлттық компаниялар оларды табысты жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салуы тиіс.
Сөзден іске кірісіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау дегеннің бәрін доғарсаңыздар. Нәтиже болмаса, оның бәрі бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Біз бұл мәселені шешеміз", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр орынбасарларына барлық тапсырманың орындалу барысын өз бағыттары бойынша үйлестіруді тапсырды.
