Цой Қытай елшісіне «белгісіз пневмония шықты» деген ақпараттың өтірік екенін айтты

Dalanews 11 шіл. 2020 04:08 687

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо мырзамен телефон арқылы сөйлесіп, Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған «Қазақстанда жаңа пневмония шықты» деген материалды талқылады.

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда ауруларды, оның ішінде коронавирус инфекциямен байланысты пневмонияны есепке алу және тіркеу аурулардың халықаралық жіктемесіне, диагностика мен емдеу хаттамасына сәйкес әлемдік тәжірибе негізінде әзірленетінін хабарлады.

Сондай-ақ, А.Цой елдегі коронавирс инфекциясын емдеу тәсілдері туралы айтты.

Министр биыл сәуірде COVID-19 қарсы күрес мәселелері бойынша қазақстандық дәрігерлерге кеңес беру үшін тәжірибелі мамандарын жіберген Қытайдың көмегін жоғары бағалайтыны атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар болашақта да  ынтымақтастықты жалғастыруды талқылады.

Қытайдың бірқатар БАҚ Қазақстанда белгісіз пневмония шықты деген ақпарат таратқан болатын, бұл  шындыққа жанаспайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар