Смайылов үкіметі отставкаға кетті

Сағыныш Сардарова 05 ақп. 2024 16:19 3803


Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Тиісті қаулыны Ақорда жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Қаулыға сәйкес премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы болып Скляр тағайындалды.



"1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.


2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.


3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.


4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған қаулыда.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар