"Хаттама толтырылды. Мониторинг тобынан заң бұзушылықты растайтын барлық қағаз-құжатты күтіп отырмыз.
Растайтын рапорттарды алғаннан кейін біз шараны ұйымдастырушыларға айыппұл саламыз", – деп түсіндірді Бекшин.
Сағынтаевтың айтуынша айыппұл салуды созбалаудың қажеті жоқ, себебі әлемжелілерде және барлық ақпарат құралдарында карантиннің бұзылғаны анық көрінетін видео және фотосуреттер өріп жүр.
"Растайтын құжаттар ақпарат құралдарында жарияланды. Сізге тағы не керек?", – деді әкім Бекшинге.
"Жұмыс реті бойынша бізге түсініктеме қажет, бұл құжаттардың барлығы аудандық әкімшіліктен келеді. Бұған тек мониторинг тобы ғана құқылы", – деп жауап қатты Бекшин.
"Оқиғаның орын алғаны айқын, факт бар, шешім қабылдау керек. Онда тағы не дәлелдеу қажет? Барлығы біледі", – деді Сағынтаев.
Айта кетелік бұған дейін Бекшин Алматы қаласында коронавирустың төртінші толқыны басталғанын айтқан.
"Үшінші толқынның себебі ұлыбританиялық штамның тіркелуі. Ол басылмай, жаңадан төртінші толқын басталып жатыр. Оның басты себебі - ұлыбританиялық штамға үнді штамы "дельта" қосылды", – деген болатын Бекшин ӨКҚ алаңында өткен брифингте.
https://dalanews.kz/news/66288-qashyqtan-oqygannyng-paydasy-shamaly-oq?fbclid=IwAR2qKwO5WkOomMDC6-yuTd_c-NJv5CekpZHBd94Lxd8pfZg01P7QFaOAEok