Бәлен өңірден шыққан әйгілі батыр я ер басқыншылыққа қарсы көтерілістерде ерен ерлік көрсеткенін жоққа шығаруға болмас. Ондай ерлер көп қой тарихта. Бірақ, ел мен жерді кескілескен шайқаста қорғап, ырғасуы мен аңдысуы көп, жау кім, өзің кім айырып болмайтын кезеңдерде тура жолды тауып күресіп көрмеген бүгінгі ұрпақ тарихтағы талай ерді аймаққа, руға тартқаны ер рухын, ұлт тарихын қорлау.
Елдік пен ерліктің тұтастығын қара қасқа надандықпен балталамаққа әрекеттеніп арамтер боп әурелену. Ондай әрекетті орта білімді, орта танымды, орта мәдениетті адамнан көрсең, білместікке балап қоя салар едің. Жоғарғы білімді, сауатты, арғы-бергіні біледі дейтіндердің өзі кейде әлгіндей жосықсыздыққа барып жатады. Сол көңіліңді күйдіреді.
Өміржан Әбдіхалықұлы
(жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)
https://dalanews.kz/19037