СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Сағыныш Сардарова 03 нау. 2026 10:16

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Қазақстан Республикасы азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

"Кейінгі дерекке сәйкес шиеленіс аймақтарында Қазақстан азаматтарының ең көп саны мына жерлерде: танымал туристік бағыттар, қажылық сапарлар орындары, сондай-ақ, транзиттік хабтар шоғырланған жерлерде. Соның ішінде БАӘ-де шамамен 3 500 адам, Сауд Арабиясында шамамен 3 000 адам және Қатарда 1 500-ге жуық адам бар. Дипломатиялық өкілдіктер ақпаратына сәйкес Иранда 82 Қазақстан азаматы, Бахрейнде 168 азамат, Кувейт пен Иорданияда әрқайсында 134 азаматтан, Израильде шамамен 100 азамат тіркелген", - деп жазылған хабарламада.

Әскери іс-қимылдар басталғаннан бері өңір елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігі жабылған. Әуе тасымалдаушылары рейстерді тоқтатуға мәжбүр болғандықтан, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері туристік компаниялармен бірлесіп, азаматтарды қонақүйлерге уақытша орналастырып жатыр.

"БАӘ қонақүйлерінде азаматтарға жағдай тұрақталғанға дейін тұруға рұқсат берілген және тамақ қамтамасыз етілген. Шиеленіс аймақтарынан қазақстандықтарды эвакуациялау бағыттары мен шаралары пысықталып жатыр. Қауіпсіздік мақсатында жергілікті билік органдары өз бетінше қозғалмауға кеңес берді. Эвакуациялық рейс ұйымдастырылған жағдайда бірінші кезекте қолдау шаралары халықтың неғұрлым осал санаттарына, қарт адамдарға, әйелдер мен балаларға көрсетіледі. Бұған дейін Тегеран қаласынан "Заркух" компаниясының өкілдерін, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының қызметкерлерін және дипломатиялық өкілдік қызметкерлерін қосқанда жалпы 50 Қазақстан азаматы шығарылды", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove