СІМ Ресейдегі қазақстандықтардың төбелесі туралы ақпаратқа пікір білдірді
Көркем Алдабергенова27 нау. 2026 17:00
Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы 2026 жылғы 26 наурызда Усть-Луга кентінде «Велестрой» компаниясының нысанында болған жанжал туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, оқиғаға Қазақстан азаматтарының қатысы бар.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жанжалға қатыстылардың барлығы мән-жайды анықтау үшін Ресейдің құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған. Ресейдің құзырлы органдарына және компания басшылығына ресми сұрау салулар жолданған.
Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының нақты саны мен құқықтық мәртебесі анықталып жатыр. Ведомство бұл мәселе ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.