Швейцарияда халық санына лимит қою мәселесі референдумға шығарылады
Көркем Алдабергенова
Фото: freepik
14 маусымда Швейцария халқы елдегі тұрғындар санының ең жоғары шегін белгілеу жөнінде референдумда дауыс береді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл бастаманы әсіре оңшыл бағыттағы Швейцария халық партиясы ұсынған. Жалпыхалықтық дауыс беру өткізу туралы шешімді Швейцарияның Федералдық кеңесі қабылдады.
Партия миграцияны шектеуді көздейді. Ұсынысқа сәйкес, 2050 жылдан кейін елдің тұрақты тұрғындарының саны 10 миллион адамнан аспауы тиіс. Алайда халық саны табиғи өсім есебінен артса, бұл шектеу қолданылмайды.
Қазіргі таңда Швейцарияда шамамен 9 миллион адам тұрады.