Шу – денсаулыққа зиян

Dalanews 25 қыр. 2015 03:37 914

АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Sethon Hill институтының Марк Эндрюс бастаған ғалымдары адам организміне шудың қалай әсерін зерттеп, оның адам денсаулығына залалы көп екенін анықтады.

Зерттеу барысында ғалымдар шамадан тыс шу адамның ашуын туғызып, психологиялық күйзеліске ұшырататынына көз жеткізген. Олар еріктілердің қатысуымен тәжірибе жасағанда, автокөліктегі магнитоласынан шыққан шуыл артериялық қысымды арттырып, соңы гипертониялық дағдарысқа дейін әкеп соғатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.  Ғалымдар шуылдың мөлшері алты децибельден асқан жағдайда адам денсаулығына кері әсер ететінін алға тартуда. Сондықтан жүйкеңізді жұқартпауды ойласаңыз, шулы жерден аулақ жүріңіз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар