ШҚО волонтерлері су тасқынына қарсы іс-шараларына көмектесуде

Dalanews 27 ақп. 2023 03:19 962

Шығыс Қазақстан облысының волонтерлері ТЖ қызметінің өкілдерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізеді. Олар жеке секторды қардан тазартады, су басудың алдын алу шаралары туралы жазылған парақшалар таратады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 260 волонтер жұмылдырылды. Олар қазірдің өзінде жеке сектордың, жалғыз тұратын қарттардың, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйлерін қардан тазарту бойынша 20-дан астам іс-шара өткізді.

Сондай-ақ, волонтерлер ШҚО ТЖД өкілдерімен бірлесіп қалалар мен аудандарда үйлерді аралап, су тасқынының алдын алу бойынша 2500-ге жуық ақпараттық қағаздар таратты.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында өңірде ШҚО ТЖД өкілдері, баланс ұстаушылар мен волонтерлер облыстың су тасқыны қаупі бар учаскелері мен гидротехникалық құрылыстарына жұмыс топтары бақылау жүргізеді. Бұл тәжірибе су тасқыны қаупі бар кезеңдегі елді мекендердің "әлсіз жерлерін" алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді, дейді мамандар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар