ШҚО-да тұрғын үй секторындағы өрт көлемі азайған

Dalanews 09 қыр. 2023 06:15 874

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "жылыту кезеңіне дайындық. Өрт қауіпсіздігі ережелері " тақырыбында  ШҚО ТЖД МӨББ бас маманы Медет Мұқашевтың, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жылыту кезеңі қарсаңында мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері халыққа пешті қыс мезгіліне қалай дайындау керектігін және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу жайлы кеңірек айтып өтті.

– ТЖ департаменті 2023 жылғы шілдеден бастап 2023-2024 жылдары жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бастады. Жұмыстың негізгі бағыты өрттер, адам өлімі, оның ішінде жеке тұрғын үйлерде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары арасында оқыс жағдайдың алдын алуға және азайтуға бағытталған.

ШҚО аумағында азаматтардың әлеуметтік осал санаты тұратын пешпен жылытылатын 3574 үй бар. Қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы адресаттардың 91 пайызын аралап шықты, олардың барысында үйлерді өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтау үшін тексерді, –  деді ШҚО ТЖД МӨББ бас маманы Медет Мұқашев.

Қызметкерлер барған әлеуметтік осал азаматтардың 2873 үйінен өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланылатын 535 үй анықталды.

ТЖ қызметінің мамандары ағымдағы жылдың басынан бері өңірде көміртегі тотығымен уланудан 22 адам зардап шеккенін атап өтті. ТЖ мамандары  түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп отырандығын жеткізді. Сонымен қатар брифинг соңында  ШҚО ТЖД қызметкерлері халыққа пешті қысқы кезеңге қалай дайындау керектігін еске салып өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар