Шығыс Қазақстан облысында тағы бір ядролық қалдықтарды сақтау алаңы салынуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
YK-News.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, 9 желтоқсанда облыстық мәслихат Үлбі металлургия зауытына қатты радиоактивті қалдықтарды (ҚРҚ) көму үшін жаңа алаң салуға рұқсат берген.
"Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында 9 желтоқсанда Үлбі металлургия зауытына қатты радиоактивті қалдықтарды көму үшін жаңа алаң салуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды", — делінген хабарламада.
Жаңа көму алаңын қазіргі қалдық қоймасының жанына салу жоспарланып жатыр. Себебі ескі алаң толып, 2026 жылдың 1 қазанында жұмысын тоқтатуы мүмкін. Егер оны жаңартпаса, УМЗ-де уран өндірісі тоқтап қалуы мүмкін.
Жоба мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алып, экологиялық рұқсатқа ие болды. Сондай-ақ ядролық қауіпсіздік бойынша эксперттік қорытындысы бар. Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Су ресурстары және суармалы жерлер министрлігі, сондай-ақ Ертіс бассейндік инспекциясымен келісілген.
Басылым атап өткендей, Қазақстанның "Атом энергиясын пайдалану туралы" заңы бойынша ядролық құрылымдар мен қалдықтарды көму пункттерін салу туралы шешімді үкімет қабылдайды, бірақ тек жергілікті өкілді органдардың келісімімен ғана жүзеге асады. Облыстық мәслихат өз келісімін берген.
