Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шығыс Қазақстан облысында жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресми мәлімет бойынша, соталды тергеу аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы ұсталған.
"Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпаратты қосымша хабарлаймыз", - деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.