ШҚО-да құрбан шалуға арналған 12 орын белгіленді

Ақтоты Жапатова 05 мау. 2025 17:25

2025 жылдың 6-8 маусымы аралығында бүкіл Қазақстан мұсылмандары сияқты, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да ең маңызды діни мерекелердің бірі — Құрбан айтты атап өтеді. Айт намазы 6 маусым күні таңғы сағат 07:00-де оқылады. Бұл жөнінде ШҚО-ның бас имамы Думан Сайфуллин Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Мерекеге дайындық аясында облыстың қала және аудандарында құрбан шалуға арналған 12 ресми орын бекітілді. Аталған орындар жергілікті атқарушы органдармен келісілген және санитарлық талаптар мен қауіпсіздік нормаларына толық сәйкес келеді.

Құрбан шалуға болатын орындардың тізімі:

  • Өскемен — Атығай асуы, Алматы – Өскемен трассасының бойында (Ұлан ауданы аумағында, байланыс мұнарасының жанында);
  • Риддер — Д. Қонаев атындағы мешіт;
  • Алтай ауданы — «Тенар» шаруа қожалығы, Толстов көшесі, 4;
  • Глубокое ауданы — «Шахан-Ата» фирмасы, Берестов көшесі;
  • Зайсан ауданы — «Караван» базары, Байтов көшесі, 34;
  • Катонқарағай ауданы — Абай көшесі, 82;
  • Күршім ауданы — Абылайхан көшесі, 1;
  • Самар ауданы — Аққала ауылы (Абай көшесі, 68) және Мариногорка ауылы (Пролетарская көшесі, 14);
  • Тарбағатай ауданы — Ақжар ауылы, «Тәуке» мал сою алаңы, Рысқұлов көшесі, 82;
  • Ұлан ауданы — Өскемен – Ұлан тас жолының бойындағы Атығай асуы;
  • Үлкен Нарын ауданы — Үлкен Нарын ауылы, Горный көшесі, 8/1;
  • Шемонаиха ауданы — Вокзальная көшесі, 236.

Назар аударыңыз!

Биыл Марқакөл ауданында құрбан шалуға арнайы орын қарастырылмаған.

Мерекені ұйымдастыру жергілікті әкімдіктер мен діни бірлестіктердің тығыз ынтымақтастығымен жүзеге асырылуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар