Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейтті,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Құтқарушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында су айдындарындағы күнделікті рейдтерін жалғастырып жатыр.
"Демалушылар рұқсат етілмеген жерлерге суға түсіп, өз өмірлеріне қауіп төндіріп жатады.Рейд кезінде құтқарушылар жағажайлардың жағалау учаскелерін қайықпен тексеріп, демалушылардың есіне шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын салады. Сонымен қатар, шомылу маусымы басталғаннан бері судағы қауіпсіздік шараларын бұзғаны үшін 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.
Еске салайық, ШҚО-да жаз басталғалы 4 адам суға батып кеткен.
ШҚО ТЖД мамандары демалушыларды тыйым салу белгілеріне мән беруге шақырды.