Еске сала кетсек, карантин уақытында халыққа қызмет көрсетуге медициналық қызметкерлерден тұратын мобильді топтар жасақталған болатын. Өскемен қаласының өзінде 41, Семейде 71 және аудан-қалаларда 200-ден астам топ жедел жәрдемнің жұмысын жеңілдетіп, үй жағдайындағы науқастардың денсаулығын бақылауға алған-ды.
Мобильді топ қызметкерлері шақырту бойынша барып, дене қызуын, қандағы оттегі мөлшерін өлшеп қана қоймай, науқасқа емханадан дәрігердің нұсқаулығымен берілген дәрі-дәрмекті де жеткізіп беруде.
Аталмыш топ жұмысын бастағанда жергілікті аудан және қала әкімдіктерінен де қолдау тауып, қызметтік көліктерге ие болған.