Айта кету керек, 2017 жылы тұрғын үй алу кезегінде тіркелген көпбалалы отбасылардың саны бес есеге өскен болатын. Төрт жыл ішінде ауылдық жерлерде тұратын 1625 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Өткен жылы 1049 отбасы, оның ішінде ауылдағы 336 отбасы қоныс тойын тойлаған.
Биыл облыс аудандарында жеке инвесторларды тарта отырып, жалпы ауданы 36 мың шаршы метр болатын 191 екіпәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда.