ШҚО-да жазда суға батқандар саны азайды – құтқарушылар

Dalanews 14 қыр. 2023 03:31 1087

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ШҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбековтың қатысуымен "шомылу маусымының қорытындысы" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Брифинг барысында биылғы жылы шомылу маусымы кезінде қаза тапқандар саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға төмендегенін айтып өтті.

– Жазғы кезеңде су айдындарында ШҚО ТЖД қызметкерлері 14 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік шараларының алдын алу бойынша кең ауқымды жұмыс  жүргізіп, 304 тыйым салу және ескерту белгілері және 24 баннер орнатылды.Құтқарушылар полицейлермен, жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп 4400-ден астам рейдтер мен патрульдер жүргізді. Мәселен, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 364 , 412, 440-баптары бойынша 126 адам тартылды, – деді ШҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков.

Брифингте өңірдегі жағажай мәселіс жайлыда айтылды.

– Ағымдағы жылы Риддер қаласының аумағында, Журавлиха өзенінің жағалауында коммуналдық жағажай ашылды. Аймақта шомылу үшін 22 учаске анықталды. Алайда, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес тек 8-і жабдықталған. Алтай ауданындағы 2 жағажайды, Катонқарағай ауданындағы жағажайды, Самар ауданындағы 8 жағажайды жабдықтау мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр. Ұлан ауданында 9 орын анықталды, 1 жабдықталған жағажай бар (Сібе көлдеріндегі жағажай "Шалқар" көлі) және 4 жеке жағажай, қалған 4 жерде жағажайлар жабдықталмаған. Аймақта 78 орынға шомылуға, 28 орынға шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүруге тыйым салынған, – деді спикер.


Биыл шомылу маусымы кезінде 6 адам суға батып кеткен. Барлық жағдайлар шомылуға жабдықталмаған жерлерде орын алды.  Бұқтырма су қоймасының аумағында 3 адам, Зайсан көлінде 2 адам, Глубочанка өзенінде 1 адам суға батып кетті.

ШҚО ТЖД қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді. Суға жүзу құралдарымен шыққанда құтқару кеудешесін кию, қайықты шамадан тыс жүктемеу және қараңғыда уақытта өзендер мен көлдерге шықпау керектігін, төтенше жағдайлар кезінде "112"нөмірі бойынша хабарлау қажет екенін баса айтты.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар