ШҚО-да «Есіктен есікке» акциясы жалғасып жатыр

Dalanews 28 ақп. 2023 12:44 975

«AMANAT» партиясының кандидаттары Өскемен қаласында «Есіктен есікке» акциясын өткізді.
Кандидаттар 19-шы шағын ауданда тұратын көпбалалы отбасына барып, партиялық бағдарламаның әлеуметтік қорғауға қатысты басымдықтары туралы айтты.

– Қиын жағдайға тап болған әр отбасы мемлекеттің қамқорлығын сезінуге тиіс. Әлеуметтік қолдау шаралары белсенді түрде жүргізіліп, нақты қажеттілікке бағытталуы керек. Біз өмір сүру құндылықтарына сүйене отырып, табысы төмен азаматтарды мемлекеттің кепілдендірілген қолдауымен қамтамасыз етеміз. Көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік және партиялық қолдау шаралары кеңейтілетін болады, – деді кандидат Фархад Құрманов.



Осы орайда айта кетейік, партиялық бағдарламаға сәйкес көпбалалы отбасыларды және халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасы аясында Өскемен қаласының тұрғын аудандарында бір қабатты үйлер салу жоспарланған.

Іс-шара соңында, аманаттықтар, көпбалалы отбасының өтініш-тілектерін тыңдап, назарға алатындықтарын жеткізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар