ШҚО-да экс-полицей қыз зорлады деп айыпталды

Сағыныш Сардарова 28 нау. 2025 11:24 1363

Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы полиция қызметкері кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Полицияның мәліметінше, 16 жасқа толмаған адамдарға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдіктілер ұсталғаны және уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылды.

"А.Жұмағұлов ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылғанын хабарлаймыз", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

БАҚ мәліметінше, бұрынғы полиция қызметкері Асқар Жұмағұловқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар