«ШҚО Археологиясы» және қазақтың көне тарихы

Dalanews 10 там. 2017 16:08 1215

Шығыс Қазақстан облысында «ШҚО Археологиясы» бағдарламасы екінші жыл қатарынан облыстық бюджет есебінен қаржыландырып, көне тарихымызды танып-білу бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Таяуда облыс әкімі Даниал Ахметов археологиялық жұмыстар қызу жүріп жатқан №5 қорғанға арнайы барып, ондағы жұмыспен  танысты.

«ШҚО Археологиясы» қолға алынғалы бері өңірде бес архелогиялық нысан анықталып, маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілгені белгілі. Нәтижесінде Қазақстанның көне тарихын зерттеуде маңызды деректер пайда болып, ғылыми айналымға түсті.

Осы игілікті жұмыстың арқасында облыс аумағындағы тарихи-өлкетану музейлерінің қоры жаңа үш мыңнан астам тарихи жәдігерлермен толығы түскен. Жәдігерлердің көпшілігі Берел жазығындағы Патышалар алқабынан табылғанын айта кетуіміз керек.

Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бері №5 қорғанда профессор Зейнолла Самашев пен Аманжолов атындағы ШҚМУ тарих факультетінің студенттері архелогиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жерден архелогтар іргелі тайпаның көсемі болған әйелдің денесін тауып, оның жанынан алтын әшекей бұйымдар, тондар, бас киім, белдік, қанжар тапқан-ды. Өз кезегінде архологиялық жәдігерлерді мұқият зерттеген тарихшылар біздің заманымызға дейінгі 3 мың жыл бұрын жерленген сарбаз әйелдің мүрдесі болуы мүмкін деп жорамал жасаған болатын.



№5 қорғанға арнайы ат басын бұрған Даниал Ахметов жер астынан табылған тарихи жәдігерлердің көріп, өзінің таңданысын жасырмады.

– Бұл – өте қасиетті жер. Осы  жердің қасиеті бізді жыл өткен сайын таңқалдырып, шабыттандырып келеді. Меніңше, осы жерді ата-бабаларымыз «Патшалар алқабы» деп бекер атамаған. Табылған тарихи жәдігерлер қазақтың тамырын тереңге тартқан іргелі ел болғанын айғақтайды. Ғалымдарымыз табылған жәдігерлерді мұқият зерттеп бұрын осы өлкені мекендеген тайпалардың жартылай ғана көшпенді болғанын анықтағанын естідім. Ұдайы көшіп-қонып жүретін ру-тайпалар мұндай күрделі дүниелерді жасай алмауы мүмкін. Мұндай заттарды жасау үшін тұрақты шеберханалар керек. Алдағы уақытта біздің археологтарымыз сондай маңызды шеберханаларды тауып, құнды археологиялық бұйымдарға қол жеткізетіне сенімдімін, – деді әкім.

Белгілі тарихшы-археолог ғалым Зейнолла Самашев қыркүйек айының басында Өскемен қаласында өтетін халықаралық археологтардың конференциясында Берел жазығынан тапқан тарихи жәдігерлері жайында кеңінен баяндама жасайтынын айтты.

 

https://dalanews.kz/29385

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар