Украинаға жеткізілетін қару-жарақтың арасында IRIS-T «әуе-әуе» класына жататын зымыранда бар. Бундестаг депутаттарының алдына жасаған мәлімдемесінде Шольц IRIS-T зымыранының көмегімен Ресейдің әскери ұшақтары мен тікұшақтарын, қанатты зымырандарын, реактивті зымырандарын, әскери дрондарын атып түсіруге болатынын алға тартты.
Сонымен қатар Украина әскеріне немістер окупанттардың гаубициялары, минометтері мен реактивті артиллериясы қай жерде тұрғанын дәл анықтап көрсететін радарларын да беретін болды.
Бұдан басқа Германия жақын күндері 15 тонна оқ-дәрі, 100 мың гранат, 5 танкке қарсы қолданатын мина жеткізеді.
Deutsche Welle Олаф Шольцтың НАТО-ға мүше елдердің келсімінсіз танк пен бронетранспортерлер бере алмайтынын алға тартты. Бұл мәселе алдағы уақытта шешіліп қалуы мүмкін.
Украианаға Германиия соңғы рет 25 науырызда зенитті және танкке қарсы қолданатын қару түрлерін жеткізген болатын.