Шөкеев халықаралық деңгейде көтерген трансшекаралық су мәселесі оң шешімін тапты

Dalanews 06 жел. 2021 14:42 801

Түркістан облысы, Келес ауданында келесі жылдың егін маусымы басталғанға дейін каналдарды тазартып, ағын суды ысырапсыз межелі жеріне жеткізу бағытындағы жұмыстар атқарылып жатыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан аумағынан бастау алатын трансшекаралық «Солтүстік Ташкент» каналын көрші елдің техникалары тазалауда. Аталған канал Кеңес дәуірінен бері тазаланбаған.

Себебі канал Өзбекстан Республикасының теңгерімінде болғандықтан оған мүмкіндік болмады.

Мәселені Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық деңгейде көтеріп, екі елдің жауапты өкілдерінің келіссөз жүргізуінің нәтижесінде бүгінгі таңда халықтың сұранысы қанағаттандырылып жатыр.

Каналдың еліміздің, соның ішінде Келес ауданы аумағындағы бөлігі – 19 шақырым. Ол канал өңірдегі 3 мың гектардан астам жерді суландырады. Оның ішінде Жүзімдік ауылдық округінде 550 гектарды, Бірлесу ауылдық округінде 1200 гектарды және Ақтөбе ауылдық округінің де аумақтарын суғарады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар