"Шынымен ауысып кеткен сияқтымын". Бельгиялық Жәнібек видеоүндеу жолдады

Сағыныш Сардарова 14 ақп. 2024 10:29 3482

Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібектің анасы әлі күнге дейін табылмады. Алайда оның анасын табамын деген мақсаты айқын. Жәнібек әлеуметтік желіде тағы бір видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның сөзінше, кішкентай кезіндегі бұл сурет 2003-2004 жылдары түсірілген болса керек, сонымен қатар, Арқалықтан алған алғашқы суреті екен. Оның үстіне суретті Жәнібекті асырап алуға қатысты ресми құжаттарда пайдаланған.

Бала өзімен қатар ұлы бар әйелдерден ДНҚ тапсыруын сұрап отыр.

"Мен Қазақстанға туған жеріме барғаннан кейін қазақстандық медиада шетелге бала сату мәселесі жиі талқылана бастады.

Бірақ, шынымен, мен ауысып кеткен сияқтымын. Маған бұл ойды қабылдаудың өзі қиын. Өйткені мені емес, басқа баланы асырап алуы керек еді. 

Мен жақын арада биологиялық анамды табамын деп үміттенемін. Менімен жасты ұлы бар әйелдердің бәрі ДНҚ тапсырса деген өтінішім бар", - дейді Жәнібек.

Іздеу жұмыстарымен қазір полиция айналысып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар