Шымкенттің жаңа әкіміне: Көңілсіз әйелден жылауық бала туады

Dalanews 27 қаң. 2020 04:09 879

Редакциядан: Шымкенттің әлеуметтік желі қолданушысы Ақмарал Молдиярқызы Шымқалада соңғы уақыттары тойханалардың көбейіп, жұртты ысырапшылдыққа ұрынуына әсер етіп жатқанын қынжыла жеткізіпті. Сонымен қатар ол аяғы ауыр аналардың дене қимылымен айналысуына мүмкіндік туғызатын фитнес орталықтардың қалада жоқ екеніне шаһардың жаңа әкімі Мұрат Әйтеновтың назарын аударуға тырысыпты. Су жаңа әкім қала тұрғынының ой-пайымына назар аударады деп үміттенеміз.

 

Бізде Шымкентте 1034 заңсыз пайдалануға берілген нысанның жартысынан көбі тойхана шығар. Салыстырып қарайықшы...

Тойға барғанда дастархандағы тамақтың бəрін тауысып қоясыздар ма? Бұрын нан емес, нанның ұсағын тастауға қорқатын едік. Қазір қасиет кете бастады ма, тамақты басы бүтін помойкаға аударатын болдық. Дəмхана мен тойхана иелерінің бұған еті үйренген. Ал оған біз, мына тойшыл қауым кінəліміз.


Мемлекет басшысы ысырапшылдықты азайту керек екенін айтты.

Бұл дəстүрді ұмытып, тойдан бас тарту емес, керісінше дəстүрге сай өтсе, ысырап тыйылу деп қабылдаған ләзім.

Бірақ дəстүрді ойлап жатқан ешкім жоқ, күнде жаңа бір ысырап жасаудың жолын ойлап, онысын дəстүрге айналдыруға құмар.


Себебі, кейбіреулер тапқанын қайда жіберерін білмейді. Сыймай жатқан дүниесін бір жаңалық ойлап тауып, мақтангершілікпен көрсетуге əуес.

Бай-бақуатты жандардың санасының жеткен жері осы болған соң, қарапайым халықтан не күтесің?

Соңғы 10 жылда Шымкенттен «Ана мен балаға арналған бассейн» таппадым. Тойханалардың иесі, яғни кəсіпкерлер неге байлығын қайырлы іске жұмсап, елдің салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізбейді? Шымкенттегі төрт ауданда мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында «Ана мен балаға» арналған бассейн, тренажер залдары, йога, би, фитнес массаж қызметі бар спорттық-сауықтыру орталықтарын іске қосса...


Жүктіліктің 9 айы мен емізулі балаға мемлекеттен де, қоғамнан да осы үлкен жəрдем болар еді.

Жүкті кезде киіміне көңілі толмаған келіншек тойда билей алмай, «бақытсыздықтың» дəмін тартып, жыламай, бос уақытында өзінің рахаттануға мүмкіндігі барын сезінер еді.

Мұндай кəйппен туған баланың өміршеңдігі қандай болатынын айтпай-ақ қояйын. Қазіргі туған шақалақтардың қаншалықты жылауық екенін өздеріңіз де көріп жүрген боларсыздар.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар