Шымкентте тағы бір шенеунік ұсталды деген ақпарат тарады

Шымкентте тағы бір шенеунік ұсталды деген ақпарат тарады
kursiv.media
Шымкентте тағы бір шенеунік ұсталды деген ақпарат тарады

Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Курсив" мәліметінше, 40 жастағы шенеунік қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Қылмыстық іске қатысты өзге мәліметтер жария етілмей отыр.

Нұрбол Жүнісбеков Шымкенттің Тұрғын үй басқармасының басшысы қызметіне 2025 жылы наурызда тағайындалған.

Шенеуніктің Астанада ұсталғаны туралы ақпаратты журналист Михаил Козачков 24 тамызда Telegram-арнасында хабарлаған болатын. Ал Шымкент әкімдігінде оның еңбек демалысы кезінде ұсталғаны айтылды.