Шымкентте ректордың қамауға алынуы: жаңа дерек белгілі болды

Қаракөз Амантай 09 қаз. 2024 13:46 2032

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетовтің ұсталуына қатысты жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап берген. Алдын ала мәліметке сәйкес, ректорға қатысты тергеу ісін Шымкент қаласының Экономикалық тергеу департаменті жүргізуде.

“Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Оңтүстік Қазақстан университетінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр”, - деп хабарлады агенттік.

Сонымен қатар, тергеу Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы аясында құпия түрде жүргізілетінін де қосты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетовтің екі айға қамауға алынғаны хабарланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар