Шымкентте қалың қардан ағаш құлап, 4-сынып оқушысын басып қалды

Сағыныш Сардарова 12 ақп. 2026 09:30

Шымкентте қалың қардан ағаш құлап, 4-сынып оқушысын басып қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz otyrar.kz-ке сілтеп.

11 ақпанда Шымкентте 11-шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 10 жастағы бала өлі табылған.

Мәліметке сүйенсек, баланы ағаш басып қалған болуы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, баланың басына сынған ағаш тиген.

Оқиғаны алғаш болып аула тазалаушылар көріп, жедел жәрдем қызметін шақырған. Артынша полиция келген. 

Куәгерлердің айтуынша, бала сол маңдағы үйлердің бірінде отбасымен бірге тұрған. №36 мектептің 4-сынып оқушысы болған. 

11 ақпанға қараған түні қалада жаңбыр жауып, арты қарға ұласқан. Қалың қардың салмағын көтере алмаған ағаштар бірінен соң бірі сынып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove