Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталып кетті

Сағыныш Сардарова 02 мам. 2025 13:59 425

Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталып кетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шымкентте пәтерін жалға берген адам қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  

А. есімді тұрғын пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берген. Салдарынан пәтерде газ кетіп, пәтерді жалға алушы Б. көмірқышқыл газынан уланып көз жұмған.

Биыл 18 сәуірде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты пәтер иесін ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу") бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.  

"Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың міндеті барын көрсетеді. Жауапсыздық ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар