Бүгін сағат 07:15-те «Восточная» 110/10 кВ қосалқы станциясынан 27 ұяшықтан шығатын 10 кВ әуе желісінде қатты жел салдарынан изолятор орнынан шығып кетіп, желілер айқасуы орын алды.
Осының салдарынан электр қуаты апатты өшіп, басқа желіге ауыстыру жұмыстарынан соң Нұрсәт шағын ауданына электр қуаты берілді. Қалған 2 шағын ауданды электр қуатына қосу үшін басқа желіге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары қала тұрғындарынан аздап келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, электр қуатын ретке келтіру үшін арнайы бригада жұмылдырылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады.