Кеңестің отырысында Шымкент қаласының туризм басқармасы және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшыларының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бойынша жұмысының қорытынды есептері тыңдалды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге қатысты үш тәртіптік істер қаралды.
Кеңес отырысында, баяндама жасаған мемлекеттік қызметшілердің пікірлері мен Кеңестің ереже талаптары ескеріліп, қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.