Шымкентте 3042 жасты жұмысқа тарту жоспарланған

Dalanews 24 там. 2020 07:53 802

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, биыл «Жастар практикасы» бағдарламасымен 3042 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Жыл басынан бері 1976 азаматқа жұмыс орындарына жолдама берілген. Яғни, бүгінге дейін жоспардың 65 пайызы орындалған. Жастар практикасы бойынша жұмыс істейтін мамандарға техникалық, медицина және педагогика салаларында сұраныс жоғары болып отыр.

Мұнан өзге қаланың 4 403 тұрғыны ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. Жыл соңына дейін 6 мыңға жуық адамды қоғамдық жұмысқа тарту көзделінуде.  


Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына 283 азамат орналасқан. Бұл тұрғыда жылдық жоспар артығымен орындалғанын айта кеткен жөн.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар