Шымкент. Қараусыз қалған фосфоршылардың Мәдениет үйі Жастар үйіне айналатын болды

Dalanews 15 қар. 2023 12:45 1003

Шымкент қаласында талай жылдан бері қараусыз бос тұрған фосфоршылардың Мәдениет үйі жаңарып, Жастар үйіне айналды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ғимарат «Дархан групп» серіктестігінің меншігінде болған еді.

Шымкент қаласының әкімдігі қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша алгоритм әзірлеп, жүзеге асырды.

13 қараша күні фосфоршылардың Мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді.


Алдағы уақытта Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Фосфоршылар сарайы қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына және халық игілігіне қызмет ететініне сенімдіміз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар